АУДАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АУДАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ  АШЫЛДЫ

АУДАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ  АШЫЛДЫ

Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында нейро-ортопедиялық бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларынының ынтымақтастығында іске қосылған орталық 3 жасқа дейінгі 600 баланы оңалтумен қамтиды.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Арман Абдуллаев,  «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының Бас директоры  Альфия Адиева , «Қамқорлық Қоры » корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты. Сонымен қатар,облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов, аудандық мәслихат төрағасы С. Тасқұлов, аудандық мәслихат депутаттары,аудан тұрғындары оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Айта кетсек, орталықтың жұмыс үлгісі әрбір сәби үшін оңалтудың жеке жоспарын жасау және көпбейінді мамандар тобы – невропатологтар, оңалту дәрігерлері мен педиатрлар, кәсіптік терапевтер, логопедтер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Сарыағаштағы орталық – «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландыруымен ашылған 30-шы оңалту орталығы.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, , «Қамқорлық Қоры » корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова құттықтау сөздерін айтып, лентасын қиды.

Ерте араласу орталығында церебралды сал ауруы, шала туу, Даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы, босану жарақаттары және қозғалыс бұзылыстары, жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар оңалтудан өтеді. Орталықта балалармен жұмыс істеу үшін тиімді технологиялар ұсынылған, олар: механотерапия және емдік-дене шынықтыру залы, сенсорлық бөлме, иммерсиялық ванна, шунгит және тұз бөлмелері. Есту және бас миын зерттеуге арналған диагностикалық жабдықтар да бар. Ол дамудың алғашқы кезеңдерінде кінәраттарды анықтауға және оңалту шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

1 желтоқсан, Бүкіләлемдік мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» қолдауымен Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында ерте араласу және аутизм, Шу қаласында оңалту орталығы қолданысқа беріледі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі