АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮШІ - ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНДЕ

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮШІ - ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНДЕ
⚜️Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Fresboom» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс орнының тынысын көрді . Кәсіпорын басшысы Х.Умаров аудан әкіміне кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Бүгінде 100-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех тәулігіне 3,2 млн дана сағыз, 3 мың кг «Shikibom» (шоколад), 165 мың дана кәмпит (чупа – чупс) өндіруге қауқарлы. Аталған цех 28 түрлі өнім шығаруда. Мұнда өндірілген тәттілер қазіргі таңда көршілес Ресей мемлекетіне және еліміздің түкпір-түкпіріне жөңелтілуде.
Айта кетсек, «Fresboom» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін цехы 2012 жылы өз ісін алға қойып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аудан әкімі Сарыағаш ауданының экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы еңбегі жана берсін деген жылы лебізін білдірді.
🔗Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі