Баршаңызды бүгінгі 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы.
Бүгінгі жүзеге асып жатырған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Білім дағдылары мен тәжірибесі мол жастар елдің экономикасын өзгерте алады.
Ауданымызда 2023 жылдың басынан бері бірнеше еріктілер науқаны іске қосылды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау меселесі де назарымызда.
Сондықтан да, бүгінгі жастарымыз нарықтық заманда алғыр болуы керек. Сонда ғана алатын асуы мен бағындыратын белестері алда болмақ.
Құрметті жастар!
Сіздердің әрқашанда игі бастамаларыңыз сәтті болашақтарыңыз баянды болсын!
Еліміздің кемел келешегін нығайтудағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, елімізге береке-бірлік тілеймін!