ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ
⚜️Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев кәсіпкерлерге қолдау білдіру мақсатында ағымдағы жылы кәсіп бастаған 2 кәсіпкердің жұмысымен танысты.
Алдымен Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, көп балалы әке Қ.Мамасартовтың кәсібімен танысты. Кәсіпкер қайтарымсыз грант қаржысына ірі қара мал алып, бүгінде сүт өнімдерін саудалап, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қ.Мамасартовтың кәсібімен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев қайтарымсыз несие алып қой шаруашылығын дамытып отырған У.Ақылбекованың кәсібімен танысты.
У.Ақылбекова қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, мемлекеттік грант алып, бүгінде үй іргелік қорасында мал басын көбейтіп кәсібін дөңгелетуде. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мал кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
– Қазақта «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» деген қанатты сөз бар. Қой шаруашылығымен айналысу қазақтың қанында бар кәсіп ғой. Тәуекелге бел буып бастаған кәсібіңізге береке берсін. Мемлекеттік гранттың пайдасы мол. Яғни, бұл кәсіп бастауға-қармақ. Ары қарай кәсіпті алып кету сіздердің еңбектеріңізге байланысты,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келетін азаматтар қатары күн сайын артуда.
 
🔗Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі