Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адамбаласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Олай болса, медицина қызметкерлерінің кез-келген қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Алдарыңызға қиналып келген науқасты жүрек жылуларыңызбен қарсы алып, әртүрлі жағдайларда да адамның өміріне араша түсіп, барлық тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді ұлт денсаулығын жақсарту жолында қызмет етіп келесіздер. Сондықтан, аудан жұртшылығы атынан тұрғындарға көрсеткен лайықты қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Ардақты дәрігерлер!
Қымбатты сала мамандары!
Ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін! Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын! Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілеймін! Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!
Сіздерге, ең қадірлі де керекті кәсіп иелеріне, зор денсаулық, отбасында береке-бірлік, бақыт тілеймін.
Бүгінгі медицина қызметкерлерінің Төл мерекесінің шынайы көркіне айналып отырған денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіремін. Ақ халатты абзал жандардың баршасына мерекелеріңіз молынан болсын демекпін!
Ізгі ниетпен,
Аудан әкімі
Арман Абдуллаев