АНА –ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

АНА –ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

АНА –ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

 

Бүгін Арман Абдуллаев  отбасы күні мерекесіне орай көп балалы аналарды  арнайы құттықтады.

Қазіргі таңда ауданымызда соңғы үш жылда бала туу көрсеткіші артып, бүгінде ауданда 70 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 19518 көпбалалы отбасылар. Ал, 5500-ден астам ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері, 1-ші, 2-ші Ана даңқымен марапатталғандар -264 болса, Батыр аналар саны-169.

- Қадірлі аналар!  Сіздерді «Халықаралық отбасы күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді отбасылық құндылықтарды сақтауға, балаларды тәрбиелеуге бағытталған өмірмен көпшілікке үлгі бола білген көп балалы аналарды құттықтап, тілек лебізімді білдіру үшін арнайы жинадық. Біз сіздердің аналық жауапкершіліктеріңізді және демографиялық жағдай ғана емес, елдің келешегін де жақсартатынын білеміз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін,- деп аудан басшысы Арман Айдарұлы жиналған көп балалы аналарға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын сыйлады.

Сондай-ақ аудан басшысы мереке қарсаңында жаңадан отау көтерген жас отбасыларға неке куәлігі мен өз сыйлығын табыстады.

Кездесуге қатысқандар аналардың атынан Жібек жолы ауылдық округінен келген Сыбанбаева Несібелді апамыз бен Құркелес ауылдық округінен келген Төлегенова Үрбиби сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімі Арман Абдуллаевқа алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі.

 

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі