
Бүгін аудандық прокуратураның ұйытқы болуымен белгілі мемлекет қайраткері, өз заманының шоқтығы биік тұлғасы, қазақтан шыққан тұңғыш заңгерлер — Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаевтардың жолын жалғап, 43 жыл заң саласында еңбек еткен, оның ішінде 18 жыл бойы Қазақ КСР-інің Прокуроры қызметін атқарған Өтеген Сейітовтің туғанына 100 жыл толуына орай, еске алу шарасы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып қатысты.
—Өткен жолыңды сараламай, болашағыңды бағдарлау мүмкін емес.Бұған әсіресе қара қылды қақ жарып, әділеттің ақ туын көтерген заң саласының қызметкерлері ерекше мән беруі керек. Себебі, Өтеген Сейітов— күллі қазақ халқына ортақ тұлға. Әділет жолындағы оның ұстанымы ұрпақтарғ амәңгілік үлгі-өнеге болуға тиіс, — деді аудан әкімі.
Шара барысында Өтеген Сейітовтің ескерткіш тасына гүшоқтары қойылды.
Ел үшін еңбек еткен өнегелі тұлғалар қашанда құрметке лайық.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі