ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Аудан аумағындағы жайылымдық жерлердегі шегіртке зиянкестерінің  таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары басталды. Осыған орай аудан әкімі Дарбаза ауылдық округі, Ердәуіт елді мекеніне арнайы барып, шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ең басты мақсат – шегіртке ошақтарын тез арада залалсыздандырып, зиянкестердің кең етек алып кетпеуіне тосқауыл қою. Ауданға қарасты жайылымдық және егістік жерлерді шегірткеден аман алып қалу. Осы тұрғыда облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында штаб құрылған болатын. Бүгінгі таңда аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтерінде жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда Дарбаза ауылдық округінің Дарбаза, Бесқұдық, Ердәуіт елді мекендеріндегі жалпы 100 га аумақты дәрілеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізу мақсатында  4 техника, 12 адам жұмылдырылған.

 

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі