МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сарыағаш – облыста ерекше орны бар аудан. Табиғаты мен климаттық жайлылығымен және шипалы суымен ерекшеленеді. Тек Қазақстанға ғана емес, басқа да алыс жақын мемлекеттерге дертке дауа шипалы суымен танылған мекен.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы ауданымыздағы минералды су өндіретін зауыттарға арнайы барып, өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» ЖШС минералды су өндіретін зауыттың жұмыс барысымен танысты. Өндірістің қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған зауыт директоры Сәбит Құдайбергенов аудан басшысына бүгінде минералды суларға сұраныс еліміздегі басқа қалаларданда сұраныс жоғары екендігін айтып, жылдан жылға өндіріс қуаты артып келе жатқандығын жеткізді. Өндіріс орнын аралау кезінде аудан әкімі зауыттың директорына өнімдерді нарықта саудалау мен оны жеткізу ісінде сапалы жұмыстардың жасалу қажеттігін айтып, зауыттың жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, аталған зауыттың қуаттылығы айына 4 млн 200 бөтелке.

Одан кейін, «Алекс» ЖШС минералды су өндіретін зауытқа табан тіреген аудан басшысы өндіріс орнының қуаттылығын көзден кешіріп, жұмысшылармен тілдесті. Аталған зауыттың директоры Иван Погребной аудан әкіміне өндірістің жұмыс барысын айтып беріп, зауыттағы құрылғылармен таныстырды.

                                                                                  

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі