Наурыз мерекесіне орай аудан орталығындағы Жеңіс саябағында жастар ауылы орнатылып, ұлттық спортты жаңғырту мақсатында ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.
Аталған жарысқа аудан әкімі Арман Айдарұлы арнайы барып қатысып, асық ату және қол күрес спорт түрлерінен ойынға қатысушылармен бақ сынады. Сонымен қатар, аудан жастарын мерекемен құттықтап, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шарада аудан жастары белсенді қатысып, ойындар тартысты өтті.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі