АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ - ҚАСИЕТТІ ДЕ САЛТАНАТТЫ КҮН

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ - ҚАСИЕТТІ ДЕ САЛТАНАТТЫ КҮН
Бүгін аудандық мәдениет үйінде көктемнің алғашқы күнімен бірге келіп жеткен 1-наурыз алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізіп, «Алғыс айту-берекелі бірліктің бастауы болмақ. «Бүгінде күн санап қарыштап өсіп, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан әлем елдеріне үлгі болып отырған бейбітшіліктің, тұрақтылықтың, бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған. Тағдыр тәлкегімен елімізге қоныс аударған әрбір ұлт пен ұлысты, этнос өкілдерін бауырына басып, бір үзім нанын бөліскен біздің ата-бабаларымыздың кеңпейілділігі көптеген ұлттардың ұрпақ өрбітуіне жағдай жасады, мүмкіндік берді. Міне, соның нәтижесінде бүгінде біртұтас мемлекетімізде Қазақстан Халқының Ассамблеясы құрылып, ынтымағымыз нығая түсуде», осынау мерекенің тарихи, саяси hәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша аудан тұрғындарын алғыс айту күнімен құттықтаған аудан басшысы айтулы мереке қарсаңында, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында өзіндік үлестерін қосып келе жатқан бірқатар жандарға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының және этномәдени орталықтар ұйымдастырған елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін патриоттық әндер мен концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі