ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Бүгін Сарыағаш және Келес ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу жиыны өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов: Бүгінгі күн сіздер үшін ер-азаматтың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Себебі, сіздер өздеріңіздің нағыз ер-азаматқа тән болмыстарыңды айқындаудың бір дәлелі Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтемексіздер. Бұл әрбір қазақ баласына лайықты қасиет. Бүгіннен басталатын әскери өмірге аттаған қадамдарыңызға сәттілік серік болсын! Отан алдындағы борыштарыңды абыроймен атқарып туған жерге аман-есен оралуларыңа шын жүректен тілектеспін!-деп сарбаздарға ақ жол тіледі.
Сондай–ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов , Сарыағаш және Келес ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы Н.Рахманбердиевтер әскерге шақырылған жастарға тілектерін айтып, баталарын берді.
Сондай-ақ,болашақ сарбаздарға «аманат хат» пен сарбаздың күнделікті тұтынатын заттарын табыстады.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі