ЭЛЕКТРО-ШӘЙНЕК ҚҰРАСТЫРАТЫН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЭЛЕКТРО-ШӘЙНЕК ҚҰРАСТЫРАТЫН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Сарыағаш қаласы аумағынан «Bah_Asmar» ЖШС-не қарасты электро- шәйнек және еден сүрткіш құрастыратын цех өз жұмысын бастаған болатын.
Аталған цехқа бүгін аудан әкімі М.Отаршиев арнайы барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты.
- Ауданымызда кәсіптің көзін тапқан жас кәсіпкерлердің саны күн санап артып келуі көз қуантады. Шығарып отырған өнімдеріңіз ең бастысы сұранысқа ие отандық өнім болғаны тіпті жақсы. Бастаған кәсібіңізге сәттілік, алдағы уақытта өнім көлемін ұлғая берсін. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады,- деді аудан басшысы.
Өз кезегінде жаңа кәсіптің түрін қолға алған жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев электро-шәйнек құрастыру процестерін кезең-кезеңімен айтып беріп, цехтағы құрал-жабдықтарды көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қазіргі таңда аталған нысан күніне 600-700 дана электро шәйнек және 10000 дана еден сүрткіш шығарып жатыр. Сонымен қатар, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жас кәсіпкер кәсібін ұлғайтып өндіріс қуаттылығын күніне 2600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі