Сарыағаш қаласының аумағын таза ұстау мақсатында ағымдағы жылы «Қоқыс тастама! Бейне бақылау жүргізіледі!» жазуымен баннер ілінген болатын. Соған қарамастан кейбір тұрғындардың шығарған қоқыстары қала көшелерін бейберекет ластап жататыны анық. Осы мақсатта Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының мамандары мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі мамандарымен біргелікте рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде Сарыағаш қаласы С.Исмайылов көшесі мен И.Құрал көшесінің қиылысында, Абдыхалықов және Б.Ермеков көшелерінің бойында белгіленбеген орынға қатты тұрмыстық қалдықтарды тастап жатқан 16 азамат анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, 120 912 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда белгіленген кестеден бұрын тұрмыстық қалдықтарды шығармау бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті аудан тұрғындары, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген кестеге сәйкес шығаруды ескертеміз! Егер де, тұрмыстық қалдықтарды ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтарға, аула сырттарына, оның ішінде белгіленбеген орындарға тастаған тұлғалар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатындығын мәлімдейміз. Аудан бәрімізге ортақ екені анық. Сондықтан барша тұрғындарды ауданның тазалығына мән беріп, таза ұстауға шақырамыз.