КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ
Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтармен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында отбасылық іс-шаралар өткізіп жатқан бірнеше мейрамханалар анықталды. Атап айтқанда «Мереке», «Нариман», «Сарыағаш холл» және «Мұз Тау» мейрамханасы иелеріне тиісті хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Мобильді топ мүшелерімен отбасылық іс-шараларға келушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиналған адамдар тарқатылды.