ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, 25 шілде күні егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет қала, кент және ауылдық округ әкімдерін халық тікелей өздері сайлады.
Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде басым дауыспен жеңіске жеткен Әуезов Бақытсейіт Бәкірұлын Дарбаза ауылдық округі әкімі ретінде тіркеді.
Әуезов Бақытсейіт Бәкірұлы 1992 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2014 жылы Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында маман болып бастаған.
2014 – 2015 жылдары Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында маманы;
2015 – 2016 жылдары Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы;
2016 – 2018 жылдары «Астана транс трейд» ЖШС директорының орынбасары;
2018 – 27.07.2021 жылдары Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі