Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт мейрамы – ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтатын, елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам.
Бұл күндері исі мұсылман баласы Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді, жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке қайырымдылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, имандылыққа шақырады.
Тәуелсіздік алғалы бұл мереке мемлекеттік деңгейде ерекше құрметпен аталып келеді. Биылғы жылы еліміздегі ахуалға байланысты құрбан шалу онлайн форматта жүзеге асырылуда. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Жасап жатқан жоралғыларыңыз қабыл болып, барлық тілектеріңіз орындалсын.
Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!