ТАПСЫРМАЛАР МІНДЕТТЕЛДІ

ТАПСЫРМАЛАР МІНДЕТТЕЛДІ
Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалық етуімен аппараттық мәжіліс болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бекітілген 5 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы А.Анарбаев аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы, аудандық статистика басқармасының басшысы Н.Бекжанов 2021 жылы өтетін халық санағына дайындық жұмыстары жөнінде, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Айдосов бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту туралы, ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Ноғаев 2020 жылы нысаналы индикаторлардың орындалуы және 2021 жылға арналған жоспарды іске асыру жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Аудан басшысы аталған мәселерді тыңдай келе, бөлім басшыларын сынға алып, тиісті мекеме басшыларына заңсыз құрылыс пен заңсыз ақша айырбастау жұмыстарына, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалына шара көру туралы нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, аудандағы карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильді топ басшыларына ауылдық округ аумағына барып, отбасылық іс шараларды анықтаған жағдайда жауапты тұлғаларға шара қолдану жайында және күнделікті атқарған жұмыстар бойынша есеп беруді тапсырды.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі