АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, КӨКТАЙҒАҚ!

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, КӨКТАЙҒАҚ!

Құрметті аудан тұрғындары күн суытып, қар жауып, көктайғақ болуына байланысты сіздерге жолда абай болу керектігін ескертеміз. Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар, ауа-райының қиын жағдайларында өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және күрт тежелу мен тоқтауды болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және жазғы резеңкеде жүруге жол бермеуге ерекше назар аударыңыздар.

Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде, автомобильдің тежегіші тайғақ жолда ұзаратынын ескеруі қажет. Жол-көлік оқиғалары мен құлаудың алдын алу үшін, өте мұқият және сақ болыңыздар!

 

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі