САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданында аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендердің сыртқы сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Жібек жолы» кеден бекетінің маңын және оған дейінгі жол бойындағы аумақты ретке келтіру жұмыстарын бақылап, кеден бекетіне дейінгі жол бойының санитарлық тазалығы мен сәулеттік келбетіне ерекше назар аударды. Жауапты сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етіп, белгіленген талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

 

Қазіргі таңда «Жібек жолы» кеден бекетіне дейінгі жолдың екі жағындағы аумаққа қоршаулар орнатылуда. Жалпы абаттандыру және ретке келтіру жұмыстарының 70 пайызы орындалды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі