АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

 

 

Сарыағаш ауданында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде тұрғындар игілігіне арналған жаңа мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Жонарық елді мекеніне барып, 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысын бақылады.

 

Аудан әкімі құрылыс барысында жобалық құжаттамада белгіленген талаптардың, құрылыс нормалары мен техникалық регламенттердің сақталуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мердігер мекеме өкілдеріне орындалатын жұмыстардың сапасына жауапкершілікпен қарап, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

 

Аталған нысанның құрылысын «ST-SERVICE KZ» ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінде ғимараттағы негізгі құрылыс жұмыстары жалғасып, нысанның сыртқы аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі