Сарыағаш ауданында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қызылжар ауылдық округінде салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылысы да жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс сапары барысында Қызылжар ауылдық округінде бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу қарқынын зерделеді. Сонымен қатар, бұған дейінгі бақылау барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысын қарап, құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуіне назар аударды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан спорт кешені ғимаратының сыртқы бөлігін қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілуі Қызылжар ауылдық округіндегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі