Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеп, олардың заң аясында шешілуіне ықпал ететін нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі