САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында күн тәртібіне енгізілген үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстардың барысы талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы және Жартытөбе, Жібек жолы, Дербісек, Қабылбек ауылдық округтерінің әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Отырыста терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жасау, ақпараттық-түсіндіру шараларының тиімділігін арттыру және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша Арман Абдуллаев жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау, ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі