Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылғы үшінші тоқсан қорытындысына арналған отырысы өтті.
Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, комиссия мүшелері, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, дербес бөлімдердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысында аудан аумағындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытындағы төрт өзекті мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға арналды. Бұл бағытта аудандық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Нұрсұлтан Ботақұлов пен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Зәуре Хамзаева баяндама жасады.
Екінші мәселе – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.
Үшінші мәселе – сауда және ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету туралы сонымен қатар аудандағы қылмыстық ахуал және қылмыстың алдын алу шаралары бойынша Нұрсұлтан Ботақұлов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, комиссия мүшелері өзара пікір алмасты. Құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту және профилактикалық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мемлекеттік органдарға қаралған мәселелер бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау, мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шараларды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі