Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жол картасында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері мен кездесті.
Кездесу барысында шекара бөлімшелерінің инфрақұрылымын жақсарту, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, сондай-ақ шекара маңындағы нысандарды газбен және ауыз сумен қамту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қолданыстағы инженерлік желілердің жай-күйі қаралып, оларды жөндеу және жаңарту бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталып, бірқатар нақты міндеттер айқындалды.
Аталған жұмыстар шекара қызметінің қызметтік міндеттерін тиімді орындауына қажетті жағдай қалыптастыруға және әскери қызметшілердің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі