Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті XLVII (қырық жетінші) сессия отырысына қатысты.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, күн тәртібіне сәйкес 14 мәселе қаралды. Отырыс барысында аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында атқарылған жұмыстар, аудандық мансап орталығының қызметі, жылу маусымына дайындық, ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру және мәслихаттың бақылауындағы шешімдердің орындалу барысы қаралды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына, аудандық мәслихат аппаратының ережесіне, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі