САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс және Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Достық елді мекендеріне арнайы барып, ішкі көшелерге асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылады.
 
Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан жол негізін дайындау және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Аудан басшысы жұмыс барысымен танысып, жауапты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген техникалық талаптарға қатаң сәйкес жүргізуді, орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
 
Айта кетсек, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі Парасат, Ботабеков, көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде.
 
Асфальт жамылғысы төселетін көшелердің жалпы ұзындығы 1,24 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, Достық елді мекеніндегі Жаңақұрылыс, Ы.Алтынсарин, С.Рахимов, Төлеби, Бердымуратов, Тұрдалы ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын «СБМ и Компания» ЖШС-гі жүзеге асыруда. Жөндеу жұмыстарымен қамтылатын көшелердің жалпы ұзындығы 4,35 шақырымды құрайды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі