«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТТІ

«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТТІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша бүгін «Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.


Аудандық орталық емхананың ғимаратында өткен іс шара барысында емхана қызметкерлері тарапынан түсіндіру шараларымен 12 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.


Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы алдағы уақытта жоспарға сәйкес басқа да салалардағы тақырыптармен жалғасын табатын болады.