Сарыағаш ауданында өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте өндірістік парк аумағын дамытуға және кәсіпкерлерге қажетті жағдай қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағында жүргізіліп жатқан жобалардың қазіргі жағдайымен танысып, алдағы жоспарлар мен атқарылуы тиіс жұмыстардың бағыт-бағдарын пысықтады. Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына өндірістік парк аумағында жұмыс атқарып отырған инвесторлардың өзекті мәселелерін жіті бақылауда ұстап, заң аясында қолдау көрсетуді тапсырды.
Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында бірінші кезеңдегі бес өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде аталған нысандарда өндірістік желілерді орналастыру, технологиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және өндірісті іске қосуға қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, екінші кезеңдегі өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде, кәсіпкерлердің жоспарына сәйкес аталған нысандардың құрылысын ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі