Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап, нысанның қазіргі жағдайымен танысты.
Мәдениет үйі мен кітапхана құрылысын «ST-SERVICE KZ» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс алаңындағы жұмыстарға 21 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда нысанда сыртқы абаттандыру жұмыстары, сыртқы жарық жүйесін жүргізу, ішкі жарық жүйесін жүргізу, алдыңғы қоршау жұмыстары, кіре беріс баспалдаққа бетон құю жұмыстары, ішкі жылу жүйесін жүргізу, жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылыс кезінде белгіленген нормалар мен техникалық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтіп, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі