САРЫАҒАШ: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

САРЫАҒАШ: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ БОЙ КӨТЕРУДЕ
 
Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы елді мекенінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жедел жою және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңадан өрт сөндіру бекеті салынуда.
 
Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының жай-күйін саралады. Аудан басшысы нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде салынуының маңыздылығын атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Қазіргі таңда нысан ғимараттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанның ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жүргізілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі