САРЫАҒАШ: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

САРЫАҒАШ: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Нағызханұлы Қарымсақов мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай ауданның «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация КЕ АҚ» және Мансап орталығының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
 
Бақылау кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету барысымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасалуы, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынылуын, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі тексеріліп, тиісті ұсынымдар берілді.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі