Бүгін ауданымызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Нағызханұлы Қарымсақов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына енгізілген жаңашылдықтарды, Әдеп кодексінің талаптары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарын түсіндіру үшін арнайы іссапармен келді.
Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың басшылығымен, жергілікті атқарушы органдардың, білім және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесудің негізгі мәселесі бойынша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, халыққа сапалы қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызметшіліердің кәсіби әлеуетін күшейтуге негізделген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының жаңашылдықтар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа заңдағы өзгерістердің ішінде мемлекеттік қызметке кіру жеңілдей түсті, мемлекеттік қызметте кәсіби өсу тек лауазым ауыстырумен шектелмейді жәе мемлекеттік қызметшілерге қосымша қолдау қарастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңдылық, жариялылық пен ашықтық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы қағидаттары негізінде жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстануға тиістігі ескертілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі