САРЫАҒАШ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

САРЫАҒАШ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістерінің орындалуы, салық түсімдерін арттыру, ортақ жайылым жерлерді тиімді пайдалану және нысаналы мақсатына сай игерілмеген жерлерді түгендеу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасады. Баяндама барысында негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Екінші мәселе бойынша салық түсімдерінің орындалу барысы және аудан бюджетінің кіріс бөлігін арттыру бағытындағы жұмыстар қаралды. Бұл жөнінде Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Талғат Алиев ақпарат берді. Жиында салықтық түсімдерді ұлғайту, бюджет кірістерін толықтыру және берешекті азайту бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Үшінші мәселе бойынша ортақ жайылым жерлерді қайтару және нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін түгендеу жұмыстары талқыланды. Аталған мәселе бойынша ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов баяндама жасады.
Мәселелерді талқылау барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына бекітілген міндеттердің сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертіп, жауапты басшыларға белгіленген мерзімде атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы нақты есеп беруді тапсырды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар рәсімделіп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді. Жүктелген міндеттердің орындалу барысы алдағы аппараттық мәжілістерде тұрақты түрде қаралатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі