Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Самал-3» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жобасының жай-күйімен танысты
Жұмыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу қарқыны мен сапасы қаралып, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысы орналасатын ғимараттың құрылысын жалғастыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске қосылуы «Самал-3» шағын ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге және елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі