Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау инфрақұрылым, жер қатынастарына байланысты мәселелер және өзге де жеке сипаттағы өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың айтылған мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, айтылған өтініштер бойынша жауапты бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Айтылған мәселелер аудан әкімдігінің тұрақты бақылауына алынып, заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ
egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі