Сарыағаш қаласының көркін айшықтап тұрған «SARYAGASH» жазуы орналасқан аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұл, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрғали Отаров және белсенді жастар қатысып, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартуға атсалысты.
Тазалық – тек қоршаған ортаның ажары ғана емес, қоғамның мәдениеті мен азаматтардың жауапкершілігін айқындайтын маңызды құндылық. Туған қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.
Тазалық – ортақ мәдениет.
Көрікті қала – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі