Сарыағаш ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «ОТБАСЫ – ӨМІР АЯСЫ» облыстық отбасылық сайысы ұйымдастырылады.

Сайысқа 35 жасқа дейінгі ата-ана және 9–13 жас аралығындағы екі баладан құралған 4 адамдық отбасылық командалар қатыса алады.

Қатысушыларды жылдамдық, тапқырлық, білім, ептілік пен отбасылық бірлікті сынайтын 4 қызықты кезең күтеді.

10 қыркүйек 2026 жыл

Өтетін орны: қосымша хабарланады

Жеңімпаздар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады!
Отбасы – балаға тәрбие беретін орта ғана емес, махаббат пен мейірімнің, қолдау мен бірліктің мекені.
Бірге ойнап, бірге жарысып, бірге жеңіске жетейік!

Ұйымдастырушы: Сарыағаш ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

Байланыс: +7 700 518 35 59 – Светлана

Instagram: Сарыағаш Жастар Ресурстық Орталығы