АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 

Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

2026 жылғы 16 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнак ауылы, М. Темірбаев көшесі, №30 үй.

Кездесу барысында Сіз:

  • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
  • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
  • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
  • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
  • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).