САРЫАҒАШ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы теміржол вокзалы маңындағы аумақты абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын аралап,іргелес аумақтағы нысандардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың сақталуын зерделеді.
Аралау барысында жауапты сала басшыларына вокзал маңындағы кәсіпкерлік нысандар, тұрғын үйлер және мемлекеттік мекемелердің аумақтарын ретке келтіру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, ғимараттардың қасбеттерін қалыпқа келтіру және абаттандыру талаптарын сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 
Айта кетсек, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап абаттандыру қағидаларына сәйкес елді мекен аумағының тазалығы мен көріктілігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды сақтау күшейтілді. Осыған байланысты кәсіпкерлік нысандардың, тұрғын үйлердің және басқа да нысандардың иелері өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп ұстауға, тазалықты сақтауға және сыртқы келбетін талапқа сай ретке келтіруге міндетті.
 
Сарыағаш қаласының сәулеттік келбетін жақсарту, санитарлық тазалықты сақтау және қоғамдық орындарды абаттандыру бағытындағы жұмыстар аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі