САРЫАҒАШ: ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ІШКІ КӨШЕЛЕРГЕ ТАС-ШАҒАЛ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ІШКІ КӨШЕЛЕРГЕ ТАС-ШАҒАЛ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Береке елді мекеніндегі ішкі көшелерге тас-шағал төсеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бағалады.
 
Аудан басшысы жұмыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген техникалық талаптарға қатаң сәйкес жүргізуді, орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
 
Береке елді мекеніндегі Ордабасы, Керуен, Ордалы, Қанағат, Ақтүбек, Қағанат, Нұрлыжол, Үшқоңыр және Самұрық көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тас-шағал жабындысын төсеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. Аталған жұмыстарды «Саят&Әділет» ЖШС жүзеге асыруда.
 
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан көшелерді тегістеу және жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарымен қамтылатын көшелердің жалпы ұзындығы 4 580 метрді құрайды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі