Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіндегі №28 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі нысанды аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын, орындалу қарқынын және белгіленген талаптардың сақталуын тексерді. Жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта мектеп ғимаратында бірқатар ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасалады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі