Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады.Бірқатар нысанды аралап, құрылыс және абаттандыру жұмыстарының сапасы мен орындалу деңгейіне назар аударды. Анықталған кемшіліктерді жедел түрде жою, жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу жөнінде мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылауда ұстап, нысандардың сапалы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді Ақжар ауылдық округінің әкімі Серік Спатаевқа тапсырды.
Ақжар елді мекенінде көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 6 көшеге 120 жарық шамы қойылды. Атап айтқанда, Төле би, Абай, Балықбай ата, Панфилов, Бақтыбай ата және Т. Рысқұлов көшелерінде заманауи талаптарға сай жарықтандыру жүйесі орнатылды. Нәтижесінде елді мекеннің негізгі көшелеріндегі түнгі жарықтандыру деңгейі жақсарып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы тамыз айында басталып, белгіленген мерзімде толық аяқталды. Жоба аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды.Жобаның мердігері – «Арнұр service» жеке кәсіпкерлігі, тапсырыс беруші – Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі