Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысып, нысанда бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексерді.
Аудан әкімі әлеуметтік маңызы жоғары нысанның елді мекен тұрғындары үшін қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау маңызды екенін жеткізіп, жауапты тұлғаларға құрылыс сапасына, жұмыс қарқынына және қауіпсіздік талаптарының сақталуына баса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар,берілген тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауында болатынын айтып, мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жүйелі түрде ұйымдастыруды жүктеді.
Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «ST-SERVICE KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысан аумағында сыртқы абаттандыру және қоршау жұмыстары атқарылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі