САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінде салынып жатқан жаңа спорт кешенін аралап, нысанға бұған дейінгі аралау барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысын пысықтады.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысып, нысанның белгіленген кестеге сәйкес салынуына және құрылыс сапасының сақталуына назар аударды. Құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан спорт кешені ғимаратының қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілуі Қызылжар ауылдық округінің тұрғындары үшін спортпен тұрақты айналысуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Сонымен қатар нысан балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі