«12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай «Жастармен бірге» атты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мазмұнды кездесу өткізді. Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуге ауданның белсенді, ізденімпаз және түрлі салада жетістікке жеткен жастары қатысты. Кездесу ашық аспан астында өтіп, жастар мен аудан әкімі арасында еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Кездесу алдында аудан әкімі жастардың өз қолдарымен жасап, өндіріп жүрген бұйымдары мен өнімдерінен ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде қолөнер туындылары, қайта өңделген пластик материалдардан әзірленген бұйымдар, шығармашылық жұмыстар мен дизайнерлік өнімдер таныстырылды. Жастар өз жобаларының ерекшеліктері мен жүзеге асыру барысы туралы айтып, шығармашылық ізденістерімен бөлісті.
Жүздесу барысында кәсіп бастауға ниетті жастарға берілетін қолдаулар және медиа саласының мүмкіндіктері, оның қазіргі қоғамдағы орны және жастардың ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, ауданның тазалығы мен көркейту мәселесі де қысқаша қозғалып, жастардың туған жерге жанашырлықпен қарап, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуының маңызы айтылды.
Жүздесу барысында аудан әкімі жастармен өз өмірлік және еңбек тәжірибесі негізінде ашық әңгіме өрбітіп, қызмет жолы туралы ой бөлісті. Аудан басшысы жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, олардың әрбір бастамасы мен тың идеясы Сарыағаш ауданының дамуына өзіндік үлес қосатынын атап өтті. Жастардың әлеуетін қолдау, жаңа жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру және олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Кездесу соңында қоғамдық өмірге белсене араласып, өз саласында жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетсек, жүздесудің басты ерекшелігі – оның ресми жиын сипатында емес, жастардың өз ойларын ашық айтып, көкейдегі сауалдарын еркін жеткізуіне негізделген шынайы әңгіме форматында өтуі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі