АБАЙ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
 
Сарыағаш ауданында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай аудандық орталық кітапханада тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Н. Отаров сөз сөйлеп, Абай мұрасының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Жастарды білімге, адал еңбекке және елге қызмет етуге шақырды.
Кеш барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді. Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, әдеби-танымдық сұрақ-жауап өткізілді.
Абайдың мол рухани мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Ұлы ақынның тағылымды шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бағыттарының бірі.