Сарыағаш ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарын бір орталықтан үйлестіретін арнайы кәсіпорын ашу мақсатында бөлінген жер теліміне аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, жобамен танысты.
Салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабулов ұсынылған жер аумағын таныстырып, жобаны іске асырудың негізгі бағыттары мен жоспарланған жұмыстар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында «Ернұр Сарыағаш» өндірістік кооперативінің өкілі кәсіпорынның жобасын таныстырып, оның техникалық және өндірістік мүмкіндіктеріне тоқталды.
Жоба аясында Сарыағаш ауданы бойынша жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар аталған кешенге жеткізіліп, мұнда сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстары заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл бастама ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және қалдықтарды тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі