САРЫАҒАШ: БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне жұмыс сапары барысында №12 С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат ғимаратында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Аталған нысанда білім алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы қабырғалары металосайдингпен қапталып, есіктері ауыстырылуда. Сонымен қатар, суағар жүйелері орнатылып, интернаттың ішкі бөлігінде сылақ жүргізу және әрлеу жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жөндеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Қалған жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Аудан басшысы нысанды аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, аудандық білім бөлімі мен мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу барысында тек сапалы материалдарды пайдалану, жұмыс барысын бақылауда ұстау және белгіленген талаптарға сай аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі